Нұржан Сайлаубекұлы Жұмаділов

 

1969 жылы 25 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Өскемен құрылыс-жол институтын «Автомобиль жолдарын және аэродромдарын салу» мамандығы бойынша, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақсан Мемлекеттік Техникалық Университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы № 25 ЖПУ жол шебері болып бастады. Әр жылдарда № 25 ЖПУ прораб, № 25 ЖПУ өндірістік-техникалық бөлім бастығы болып еңбек етті. № 71 ЖПУ «Қазақавтожол» ШҚО филиалының бастығы, Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінде сапаны бақылау және орындалған жұмыстарды қабылдау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының автомобиль жолдарын дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет етті. 2014-2018 жылдар аралығында «Шығысжолзертхана» РММ басшысы қызметін атқарды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған, Қазақстан Республикасының Құрметті жолшы атағына ие болған.

2018 жылғы қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Комментарии запрещены.

Яндекс.Метрика