Автомобиль көлігі

Автомобиль көлігі облысты елді мекендермен байланыстыратын негізгі қоғамдық көлік түрі болып табылады.

Қазіргі уақытта автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау — 328 тұрақты бағыттарда, оның ішінде: 145-қалаішілік; 51-ауданішілік; 80-облысішілік қалааралық және қаламаңы бағыттары; 20 — Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларымен байланысты қамтамасыз ететін облысаралық, 18 — облыстағы елді мекендерді Ресей қалаларымен: Барнаул, Новосибирск, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск; Қытай Халық Республикасы –Үрімші, Алтай қалаларымен байланысын қамтамасыз ететін халықаралық бағыттар.

2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша адам саны 100-ден асатын елді мекендердің жолаушы автокөлігімен қамтылмаған үлесі 30 % құрайды, облыстағы 616 елді мекен (автобус қатынасын ұйымдастыруды талап ететін) тұрақты көлік қатынасымен 432 (70% ) қамтамасыз етілген, 184 (30%) қамтамасыз етілмеген.

Аумақтарда Абай, Аягөз, Күршім және Жарма аудандарының елді мекендері тұрақты бағыттағы қатынастармен ең аз қамтылған. Сондай-ақ, облыстың Шемонаиха және Бородулиха аудандарында бағыттағы қатынастармен қамтуда біршама жағымды жағдай орын алған.

Елді мекендерді жолаушы көлігімен қамтамасыз ету және көлік қызметінің қолжетімді болуы мақсатында облысымыздың 9 ауданында (Аягоз, Глубокое, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандары) ауданішілік және қалаішілік автобус қатынастарына субсидия бөлінеді.

Яндекс.Метрика