СМИ

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі саласында әлеуметтік-экономикалық дамуы

2013 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында (темір жол көлігін есепке алмағанда) 180,6 млн. тонна жүк тасымалданды, 2012 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы тасымалдаумен салыстырғанда 15,2 % жоғары. Жүк айналым – 4655,9 млн ткм. құрады.
Ағымдағы жылғы 5 ай ішінде облыста автомобиль және электр көлігімен 647,5 млн. жолаушы тасымалданды, 2012 жылғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 9,7% жоғары. Жолаушылар айналымы – 8318,4 млн жолаушыны құрайды.
Автомобиль көлігімен тасымалдау 328 тұрақты бағыттарда жүзеге асырылады, соның ішінде 21 – халықаралық бағыт, 15 — облысаралық 76 – қалааралық облысішілік, 47 – ауданішілік, 15 — кентішілік және 154 — қалаішілік бағыттар. Халықаралық бағыттар бойынша іске асырылатын жолаушылар тасымалы облысты Ресейдің (Өскемен қаласынан: Томск, Омск, Красноярск, Новокузнецк, Барнаул, Новосибирск, Змеиногорск, Кемерово; Семей қаласынан: Томск, Омск, Новосибирск, Рубцовск, Үлгей, Михайловка), Қытай Халық Республикасының (Алтай, Үрімші) қалаларымен байланыстыруды қамтамасыз етеді.
Өскемен қаласында диспетчерлік басқару Өскемен және Семей қалаларының жолаушылар тасымалдауды басқару орталықтары, халықаралық – автобекет және автостанция желілері арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні тұрақты бағыттардағы қозғалыс құрамының жол бойымен жүруі бойынша елді мекендерде орналасқан 5 автобекет және 31 автостанция қызмет етеді.
2012 жылдың 6 шілдесінен бастап Астана күнін мерекелеу кезінде «Өскемен автобекеті» ЖШС бірлесіп, Қазақстанда алғаш рет қалааралық және халықаралық бағыттарына терминал арқылы билеттерді электронды сату жүйесі іске қосылды. Жуық арада билеттерді төлем карточкалары арқылы да сатып алу басталады. Бүгінгі күнге электронды жүйе арқылы сатылған және броньдалған билеттер үлесі 25 % құрайды.
Облыс ішінде теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау «Защита-Зырян» және «Защита-Лениногор» қатынастарымен жүзеге асырылады. Аталған бағыттар рентабельсіз және жыл сайынғы тасымалдаушының шығыны облыстық бюджеттен субсидияланады. 2013 жылға субсидиялау үшін 271,6 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан бері облысішілік теміржол қатынастары бойынша 57,9 мың жолаушы тасымалданды, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 19 % жоғары.
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ президенті А. Маминнің Шығыс Қазақстан облысына сапары қорытындысында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы Меморандум шеңберінде 2012 жылы алты бекет күрделі жөндеуден өткізілді, 2013 жылы тоғыз бекетке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
2007 жылдан бастап облысішілік әлеуметтік маңызы бар: «Өскемен-Зайсан», «Өскемен-Семей-Үржар», «Өскемен-Күршім» және «Өскемен-Катонқарағай» әуерейстері қайта қалпына келтірілді.
2013 жылға аталған бағыттарды субсидиялауға 146,5 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінді. 5 айда 4 318 жолаушы тасымалданған, өткен жылғымен салыстырғанда 9,1 % жоғары.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамашылығымен 2013 жылғы 15 сәуірден бастап «Алматы-Үржар» әуе бағыты ашылды, әуе тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға республикалық бюджеттен 94 млн теңге бөлінді.

Добавить комментарий

Яндекс.Метрика