Развитие дорожной отрасли

Ағымдағы жылда облыс маңызы бар автомобиль жолдарының дамуына 4,7 млрд. теңге мөлшерінде бөлінген, соның ішінде қайта жаңартуға – 231 млн. теңге, орта деңгейдегі жөндеуге — шамасы 2,8 млрд. теңге, күтіп ұстауға — 1,7 млрд. теңге.

Шекара маңындағы аумақты дамытуға және Марқакөл маңайында рекреациялық аймақты дамытуға жағдай жасау мақсатында 3,8 км құрайтын Күшім ауданындағы Ақжайлау және Урунхайка ауылдарының арасындағы «Теректі-Ұрынқай-Тосқайын» автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталған, оған республикалық бюджеттен 231 млн. теңге шамасында қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылда жол-жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда, басымдылық орта деңгейдегі жөндеуге беріледі.

Орта деңгейдегі жөндеуге 112 км. облыс маңызындағы жолдар Алтай Альпы демалыс базасына, Абай ауданындағы Жидебай шатқалысына қарай, паром өткелінен Күршім ауылы бағытында жүргізіледі, Алакөлге апаратын жолдың, Бородулиха- Шемонаиха бағыттағы жолдардың жөндеулері жүгізілуде.

Қызыл Ту паром өткелі арқылы қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету, жыл бойы кідірусіз қозғалысты ұйымдастыру және жүк тасу көлемін арттыру мақсатында Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Жобалау ұйыммен техникалық экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленген, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Яндекс.Метрика