Мемлекеттік қызметтер

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы

Есеп 2015

Есеп 2016

Есеп 2017

Пайдалы ақпараттар:

 

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2019 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

 

  1. Жалпы ережелер

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне (бұдан әрі — тізілім) сәйкес ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (бұдан әрі — Басқарма) құзыретіне 5 мемлекеттік қызмет жатады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша басқармамен 162 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Қағаз нысанда – 154 қызмет:

 

— қызмет көрсетушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда, бірақ олар «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 18;

— Мемлекеттік корпорация арқылы-136;

 

электрондық түрде «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы-8 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартудың жалпы саны 14 құрады, оның ішінде электрондық түрде – 11. Бас тартудың негізгі себептері көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған материалдардың толық болмауы, лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер, қағидалар мен стандарттардың талаптарын сақтамау болып табылады.

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-4, ақылы түрде-1.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Басқарма холлында мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қолжетімді ақпараты бар стенд бар. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алу үшін жағдай жасалған, пандус орнатылған, шақыру түймесі жұмыс істейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін интернет желісіне шығатын 1 компьютер орналасқан.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірнеше рет басқарма қызметкерлері арасында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

Облыс әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 357 жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау іс-шаралар жоспары негізінде ШҚО әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларын өткізді. Тексеру қорытындысы бойынша басқарма мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар мен тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс жоспарын бекітті. Қазіргі уақытта аталған ұсынымдар мен тапсырмалар жоспарға сәйкес орындалды.

Тұрақты негізде ХҚКО ИАЖ ақпараттық жүйесін түсірумен Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына және сапасына бақылау жүргізіледі.

2019 жылғы есеп exel таблица

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді корсету бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 н

өмірі  немесе   8 (7232)701-695, 8 (7232)702-353 нөмірлері арқылы алуға болады.

Яндекс.Метрика