Хабарлама

Тасқын судың жүруіне байланысты, Басқарманың, «ҚазАвтоЖол» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының және «ОблШығысЖол» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны басшылығының қатысуымен      Басқармада 2018 жылдың 13 наурызында жұмыс тобының жедел кеңесі өтті.

Кеңесте, «ҚазАвтоЖол» ШҚОФ директоры Н.Б. Өмірбаев және «ОблШығысЖол» КМК директоры А.М. Мәмиев сөз сөйледі. Қызыл судың алдын алу және оның зардаптарын жою кезінде жол ұйымдарының уақтылы және бірлесіп жұмыс атқаруының маңыздылығы атап өтілді. Жол ұйымдарының өзара бірлесіп әрекет жасау және тасқын судың қаупі туралы ақпаратпен бөлісу мәселесі дұрыс жолға қойылды. Тасқын судың қаупі бар облыстың жол учаскелерінде тәулік бойы бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.

Добавить комментарий

Яндекс.Метрика