Автобустардың жүру кестесі (қалааралық)

«ӨСКЕМЕН АВТОБЕКЕТІ» ЖШС

«Өскемен автобекеті» ЖШС автобустардың жол жүру кестесі

Автобекет директоры – Бейсенгазин Алмаз Бейсенгазинович

Жеке мәселелербойыншаазаматтардықабылдаууақыты: күнсайынсағат 14-00 ден 16-00-ге дейін
Телефоны: 8(7232)76–54–63

Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 8 мекен жайында орналасқан «Өскемен автобекеті» ЖШС, типтік жоба бойынша 1967 жылы салынған. Біраз уақыт өткеннен кейін ғимараттың сырты абаттандырылып, күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілген. Ғимарат көлемі 1290 ш.м құрайды, жер телімінің көлемі 25670 ш.м., автобекетті орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған.
«Өскемен автобекеті» ЖШС құрамында автокөлікке ағымдағы жөндеу жүргізу боксы бар, көлемі 3930 ш.м., Өскемен қаласының сыртында, Аврора көшесі, 62 мекен жайында, Ертіс өзенінің понтон көпірі маңында орналасқан.
Сондай-ақ, «Өскемен автобекеті» ЖШС-нің өз аумағында ЖҚС салынған, ол халықаралық, қалааралық, транзиттік автобустарға жанармай құю үшін бос жүріс жасау қажеттілігін жоққа шығарады.

Сонымен қатар, «Өскемен автобекеті» ЖШС құрамында Достоевский көшесі, 6 мекен жайы бойынша орналасқан 6 бокстық гараж бар, жеңіл автомобиль көлігін жөндеу және тұрақ ретінде пайдалану үшін.
«Өскемен автобекеті» ЖШС-гі қызметінің негізгі түрлері – жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, автобилеттер сату қызметін көрсету, автобустарға бағыт бойынша диспетчерлік қызмет көрсету, жүргізушілерге рейсалды медициналық қарау жүргізу. Жолаушыларға тұрмыстық қызмет көрсету үшін автобекетте жүкті сақтау камерасы, анамен бала бөлмесі, қалааралық және халықаралық телефон байланысы, кафе, тәулік бойы күзет қызметі бар.
Күн сайын «Өскемен автобекеті» ЖШС-нен 128 рейс шығады.
Диспетчерлік бөлім, кассалармен анықтама бюросы бірыңғай ақпараттық компьютер желісімен қамтамасыз етілген, ол жедел керек ақпаратты ұсынуға, барлық автобустық жолаушы бағыттары бойынша билет сатуға, қалалық жолаушы көлігіне автобилеттермен айлық жол жүру билеттерін сатуға мүмкіндік береді.

«Өскемен автобекеті» ЖШС-гі ШҚО бойынша автостансалар жүйесін сақтап қалған жалғыз кәсіпорын болып табылады – олардың барлық саны 16.
«Өскемен автобекеті» ЖШС-гі облыстың басқа қалалар жолаушыларына да қызмет көрсетеді, мысалы Риддер, Зырян, Семей қалаларында «Өскемен автобекеті» ЖШС-нен жүретін облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша автобустарға билеттер сатылады.
Жоғарыда айтылғандай, «Өскемен автобекеті» ЖШС-гі типтік жоба бойынша салынған, және жолаушы автобустарының жүру схемасын әзірлеу кезінде автобекет аумағына кіріп шығу үшін тек қана оңға бұрылу қарастырылған, сөйтіп, автобустардың жүруі, жолаушыларды отырғызып түсіру, автобустармен жолаушылардың жүру желісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің 7-ші параграфының 105, 106, 107-ші баптарына сәйкес келеді.

Телефондары

қабылдау бөлмесі: 8(7232)76-54-63
анықтама қызметі: 8(7232)76-66-26
диспетчер: 8(7232)76-69-69
e-mail: av-vko@mail.ru
icq: 408179898

«ВК ОБЛТРАНСКОМ» ЖШС, МЫЗЫ КӨШЕСІНДЕГІ АВТОБЕКЕТ

«Мызы» автобекеті бойынша автобустардың жол жүру кестесі


Директоры
– Лесовская Мария Васильевна

Қабылдаууақыты – 16:00-ден 18:00-ге дейін (сейсенбі, бейсенбікүндері)
Телефоны — 24-12-27
e-mail: Obltranskom@mail.ru

«Мызы» автобекеті 2005 жылы ашылған, ол келесі жалпы функцияларды атқарады:
жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру;
автобустармен және шағын автобустармен бағыттар бойынша жол жүру кестесін сақтауды ұйымдастыру;
жолаушыларды отырғызу, түсіру, багажды тиеу және түсіру қауіпсіздігін ұйымдастыру;

Бекеттің, оның алаңының сипаттамасы:

— диспетчер пункті;
— күту залы;
— билет сату кассалары;
— сақтау камерасы;
— жолаушылармен қызметкерлерге арналған санитарлық – тұрмыстық бөлме;
— жүргізушілер бөлмесі;
— анықтама бюросы;
— қоғамдық тамақтану пункті;
— анамен бала бөлмесі;
— медициналық жәрдем пункті;
— қоғамдық тәртіпті қорғау пункті;
— жолаушыларды отырғызу, түсіру пункті;
— автобустар тұрағы;

«СЕМЕЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОБЕКЕТІ» ЖШС

«Семей» Халықаралық автобекеті

«Семей» халықаралық автобекеті бойынша» автобустар қозғалысының кестесі

Мекенжайы: 071400, Семей қаласы, Қаржаубайұлыкөшесі, 249.
Телефон, факс: 514797; 532005.
Бастығы: АхмеджановаНурияИльясовна
Бас есепші: Мендыбаева Фарида Каюмовна
Меншіктүрі: жекеменшік;

Халықаралық, облысаралық, облыстық қатынастық «Семей» Халықаралық Автобекеті» 2008 жылғы 28 наурызда Семей қаласында, Қаржаубайұлы, 249 мекен жайында ашылды. Басшысы — Хайбулин Харматулла Асхадуллович, 1958 жылғы 9 маусымда туылған, Алтай өңірінің тумасы. Білімі жоғары, 1981 жылы Алтай ауылшаруашылық институтын бітіріп шыққан, мамандығы – инженер-механик. Екінші жоғары білімін осы институтта экономист мамандығы бойынша алып шықты. Жұмыс орындары – «Бірінші автобус паркі», Семей қаласында – директор орынбасары, «Агропромтранс» АКК» — директор орынбасары.
«Семей» халықаралық автобекеті «Автомобиль көлігі туралы» Заңда және Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау туралы ережеде аталған барлық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді. Халықаралық автобекет Қытайдан және Ресейден келетін автобустарға қызмет көрсетеді. Кешен құрамына автобекет кіреді, әкімшілік кешенімен, қонақ үйімен, асханамен, отыру платформасымен. Автобекет ғимаратының барлық көлемі – 1600 шаршы метр. Отыру платформасының автобустар тұрағымен қосқанда барлық көлемі – 0,28 га құрайды.

«Семей» автобекеті

«Семей» халықаралық автобекеті бойынша» автобустар қозғалысының кестесі

Мекен-жайы: Семей қаласы, Ш. Уәлихановкөшесі, 167
Телефоны: 8 (7222) 52-08-15
Автобекет директоры: Муштагов Иван Алимжанович
Қабылдаууақыты: дүйсенбі – сағат 14.00-ден 17.00 дейін; бейсенбі – 9.00-ден 12.00 дейін.

Автобекет ғимараты тұрпаттық жобамен салынған, қала орталығында жолаушыларға ыңғайлы орында орналасқан, «Автомобиль көлігі туралы» заңымен Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Нормативтік құжаттардың барлық талаптарына сәйкес келетін инфрақұрылымы бар автобекет жолаушыларды қажеттінің барлығымен қамтамасыз етеді.
Ғимарат ішінде және автобекет алаңында жолаушыларға 2004 жылғы 10 наурыздағы «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне» сәйкес, барлық мәдени-тұрмыстық жағдайлар жасалған:

1. күту залы;
2. кассалар залы;
3. сақтау камерасы;
4. кафе;
5. стационарлық медициналық пункт;
6. кітап, газет дүңгіршіктері;
7. сөйлесу пункті;
8. ұялы байланыс балансын толтыру терминалы;
9. жүргізушілердің дем алу бөлмесі;
10. шаштараз;
11. ана мен бала бөлмесі.
12. қоғамдық тәртіпті қорғау пункті;
13. санузел;
14. жолаушыларды отырғызу, түсіру алаңы;
15. автобустар тұрағы алаңы.

Білімді басшылардың үлкен тәжірибесі, орта және төменгі буынның тәжірибелі қызметкерлері жолаушылар мен тасымалдаушыларды қанағаттандыратын жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Автобекет бірнеше жыл бойы жолаушылар тарабынан шағымдарсыз қызмет көрсетуде.

Қабылдау бөлмесі 8 (7222) 52-38-26
Тасымалдау бөлмесі 8 (7222) 52-19-60
Бухгалтерия 8 (7222) 52-39-01
Диспетчерлік бөлім 8 (7222) 52-09-17
Анықтама бюросы 8 (7222) 52-09-25
Факс 8 (7222) 52-08-15

Яндекс.Метрика