Жаңалықтар

МЖӘ жоспарлаған жобасы бойынша мүдделерді ұсынуға сұрау салу.

       Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ мемлекеттік- жеке меншік әріптестігі жоба дайындығын бастағаны туралы жариялайды және жобаны іске асыру бойынша жобаны талқылауға және бастамашылық ұсыныстар мен нұсқаларды ұсынуға әлеуетті әріптестерді тарту үшін мүдделерін ұсынуға сұрау салатыны туралы хабарлайды: «Өскемен қаласында қоғамдық көлікте жол жүру төлемін және автоматтандырылған жүйені бақылауды, қалалық жолаушылар көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құрумен енгізу және сүйемелдеу» (бұдан әрі – «МЖӘ жобасы»).

         Жоба қоғамдық көлікте жол жүру төлемін және автоматтандырылған жүйені бақылауды, сондай-ақ қаланың жолаушы көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құруды, пайдалануды және басқаруды ұсынады.

МЖӘ нысаны — МЖӘ жобасы шеңберінде сатып алынатын жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, жоғарыда аталған жүйені енгізу, қызмет көрсету, 10 жыл ағымында үзіліссіз басқару бойынша қызметтерді ұсыну болып табылады.

МЖӘ нысанының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.

Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде МЖӘ жобасы инвестициялық шығындар құнынан 30% көлемінде қаржыландырылуы мүмкін. «Мемлекеттік жеке меншік әріптестігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы шеңберінде шығындарды өтеу көздері қарастырылған.

Жеке меншік әріптестігі МЖӘ жобасын іске асыруға жауапкершілік алады:

1 кезең (инвестициялық кезең) – жабдықтарды жеткізу, орнату және монтаждау, бағдарламалық қамтамасыз етуді құру және инсталляциялау, шефмонтаждау, автоматтандыру және жүйені іске қосуды жобалау, қаржыландыру (қоса қаржыландыру сомасын қоспағанда өз қаражатын тарту);

2 кезең (пайдалану кезеңі) – МЖӘ нысанын пайдалану, кепілдемелік және кепілдемеден кейін қызмет көрсету, қаражат жинаудың ашықтылығын арттыру және коммерциялық шығындарды азайту жолымен жүйенің тиімді жұмыс істеуін арттыру, тұрғындарға қызмет көрсетуде сапалы қызмет көрсету жолымен жүйенің тартымдылығын арттыру.

Жеке меншік әріптестігінің негізгі міндеттемелерінің бірі МЖӘ жобасы шеңберінде, МЖӘ нысанын орнату мен пайдаланудан басқа, қаладағы қоғамдық көлікте көрсетілетін қызметтерге төлем жинау деңгейін арттыру және жол жүру ақысы үшін ақшалай қаражатты жинау бойынша коммерциялық шығындарды азайту бойынша шаралар енгізуді қоса есептеумен қызмет сапасын арттыру болып табылады.

Жоба мерзімі: 11 жылға дейін.

Ұсынылатын техникалық шешімдердің жобалық сипаттамаларын қоса есептегенде мүдделер бойынша ұсыныстар 2018 жылғы 5 қазанға дейінгі мерзімде қабылданады.

Толық, әрі нақты ақпаратты «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, Қазақстан көшесі, 59/1, (5 қабат) e-mail: transport@akimvko.gov.kz; тел.: 8(7232)-701-698;  (Рахимбаева Айжан Дудубекқызы) арқылы алуға болады.

«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ тел.: 8/7232/26-23-96, e-mail: ppp.vko@gmail.com; (Ибрашова Анара Райханқызы, Койчубаева Азиза Назарбекқызы).

07.09.2018 ж.

 

ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма қызметкерлерінің  туыстарына «Ашық есік күні» өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің спортпен айналысуы үшін, спорттық нысандар тізімі

Өскемен қаласы бойынша

Спорттық кешендер (залдары, ашық алаңдар)

1. №3-ші орта мектеп Славский атындағы жағалау, 22 тәулік бойы
2. №5-ші орта мектеп Алтай көшесі, 36 тәулік бойы
3. №7-ші орта мектеп Б.Гагарин көшесі, 8 тәулік бойы
4. №15-ші орта мектеп Севастополь көшесі, 6 тәулік бойы
5. №22-ші орта мектеп Октябрьск көшісі, 120 тәулік бойы
6. №27-ші орта мектеп Бажов көшесі,  339/1 тәулік бойы
7. №36-ші орта мектеп Кабанбай батыр көшесі, 160 тәулік бойы
8. №37-ші орта мектеп Амурск көшесі, 12 тәулік бойы
9. №44-ші орта мектеп Сатпаев көшесі, 8/3 тәулік бойы
10. Крупской атындағы интернат Потанин көшесі, 10 тәулік бойы
11. №8-ші орта мектеп Демьяна Бедного көшесі, 26 тәулік бойы
12. №12-ші мектеп-гимназиясы Дзержинский көшесі,30/1 тәулік бойы
13. № 16-ші орта мектеп Ворошилов көшесі, 89 тәулік бойы
14. №18-ші орта мектеп Согра көшесі, 138А тәулік бойы
15. №19-ші орта мектеп Кабанбай батыр көшесі, 74 тәулік бойы
16. №20-ші орта мектеп ул.Алматинская 54 тәулік бойы
17. №32-ші орта мектеп  Западный көшесі,, 14. тәулік бойы
18. №33-ші орта мектеп Мустафа Шокай көшесі, 48 тәулік бойы
19. №1-ші орта мектеп Протозанов көшесі,, 65 тәулік бойы
20. №2-ші мектеп-гимназиясы Октябрьск көшесі, 134 (Защита) тәулік бойы
21. №4-ші орта мектеп Мызы көшесі,, 23,31 тәулік бойы
22. № 7-ші орта мектеп Беспалов көшесі, 53,55,57,57/1 тәулік бойы
23. № 9-ші орта мектеп Космический көшесі, 10 тәулік бойы
24. № 10-ші мектеп-гимназиясы  Солнечный көшесі, 30 тәулік бойы
25. № 11-ші мектеп-гимназиясы  Михаэлис көшесі,, 20, 20/1 тәулік бойы
26. № 11-ші мектеп-гимназиясы  Тимирязев көшесі,, 177 тәулік бойы
27. № 12-ші мектеп-гимназиясы  Потанин көшесі,, 41 тәулік бойы
28. № 13-ші орта мектеп Правды көшесі 3 (Аблакетка) тәулік бойы
29. № 14-ші орта мектеп  Ватутин көшесі,, 5 тәулік бойы
30. № 15-ші орта мектеп  Виноградов көшесі, 5, 7 тәулік бойы
31. № 16-ші орта мектеп Красина көшесі, 1 (Автовокзал) тәулік бойы
32. № 17-ші орта мектеп Славский атындағы жағалау, 42 тәулік бойы
33.  № 18-ші орта мектеп Свободы, 7 (Карабах) тәулік бойы
34. № 19-ші орта мектеп Новаторов көшесі, 13,13/1,15,17 тәулік бойы
35. № 24-ші орта мектеп Сатпаев көшесі,, 14, 14/1 тәулік бойы
36. № 26-ші орта мектеп Утепов көшесі, 29,31 тәулік бойы
37. № 27-ші орта мектеп Бажов көшесі, 333/5, 333/6 тәулік бойы
38. № 29-ші орта мектеп Б.Гагарин көшесі, 6 тәулік бойы
39. № 30-ші мектеп-гимназиясы  Ауэзов көшесі,1 тәулік бойы
40. № 32-ші орта мектеп Тәуелсіздік даңғылы 93, 95 тәулік бойы
41. № 33-ші орта мектеп Мустафа Шокай көшесі, 48 тәулік бойы
42. № 35-ші орта мектеп Казахстан көшесі, 82, 34 тәулік бойы
43. № 37-ші орта мектеп Тәуелсіздік даңғылы 31,33,35 тәулік бойы
44. № 42-ші орта мектеп Воронин көшесі, 34 тәулік бойы
45.  № 43-ші мектеп-гимназиясы  Тәуелсіздік даңғылы 3 тәулік бойы
46. № 44-ші мектеп-гимназиясы Сатпаев көшесі, 8/3 тәулік бойы
47. Меновной мектебі Новая көшесі, 15 тәулік бойы
48. Ахмер мектебі Ахмер (әскери қалашығы) тәулік бойы
49. Д.с № 45 Ул.Киров көшесі,17 тәулік бойы
50. ОПДК «Жигер» Севастополь көшесі 16/1 тәулік бойы
51. Жүгіру және велосипед жүретін жолдар, ұзындығы 2,5 км Славский атындағы жағалау тәулік бойы
52. айналысу үшін 6 алаң стрит воркаутом КШТ,  Куленов кенті, Жаңа Согра, Славский атындағы жағалау, Протазанов көшесі, Питерских коммунар көшесі тәулік бойы
53. Шахматный клуб  Потанин көшесі,, 21 10.00-19.00
54. «Олимпиец» спорт кешені Серикбаев көшесі,, 37/2 09.00-19.00
55. жасанды жабынмен қапталған алаң, теннис корты  Комсомольский тәулік бойы
56.  «Восток» алаңы Б.Гагарин көшесі,15/1 09.00-19.00
57. «Алтай» алаңы Киров көшесі, 70а 09.00-19.00
58. Орталық бассейн Сатпаев көшесі,82/3 19.00-21.30
59. Жеңіл атлетикалық манежі. О.Рыпаковой Сатпаев көшесі, 82/2 19.00-21.30

 

2018 жылғы 21 маусымнан «Өскемен-1 — Жалаңашкөл» теміржол бағыты жүруін бастайды.

 

Өскемен қаласынан жөнелтілім уақыты 4 тақ күндері сайын 1 рет жүреді:

маусым айы: 21, 25, 29;

шілде айы: 3,7,11,15,19,23,27,31;

тамыз айы: 3,7,11,15,19,23,27,31.

Жалаңашкөлден жөнелтілім уақыты:

маусым айы: 22,26,30,

шілде айы: 4,8,12,16,20,24,28,

тамыз айы: 1,6,10,14,18,22,26,30.

Билеттің құны: 2 863 тенге.

Поездың жүру жиілігінің кестесінде өзрегістер болуы мүмкін

Кесте қоса беріледі

Өскемен-1 — Жалаңашкөл, Семей — Жалаңашкөл  Жүктеу  PDF форматында

2018 жылғы 23 маусымнан «Семей — Жалаңашкөл» теміржол бағыты жүруін бастайды.

 

Семей қаласынан жөнелтілім уақыты 4 тақ күндері сайын 1 рет жүреді:

маусым айы: 23,27,

шілде айы: 1,5,9,13,17,21,25,29,

тамыз айы: 3,7,11,15,19,23,27,31.

Жалаңашкөлден жөнелтілім уақыты:

маусым айы: 24,28;

шілде айы: 2,6,10,14,18,22,26,30;

тамыз айы: 4,8,12,16,20,24,28;

қырқүйек айы: 1.

Билеттің құны: 2 863 тенге.

Поездың жүру жиілігінің кестесінде өзрегістер болуы мүмкін

Кесте қоса беріледі

Өскемен-1 — Жалаңашкөл, Семей — Жалаңашкөл  Жүктеу  PDF форматында

2018 жылғы 07 маусымда Басқарманың мемлекеттік қызметкерлері «Дом» қайырымдылық қорына ақшалай қаражат аударумен «Алға басу — движение вперед» қайырымдылық акциясына қатысты.

Балаларды қорғау күні мерекесіне орай 2018 жылғы 1 маусымда 15 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүру келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

«Автопассажиртранс» ЖШС — «Өскемен-Талдықорған», «Өскемен -Бобровка», «Өскемен -Тарханка», «Өскемен -Голубой залив-Айна», «Өскемен -Семей», «Өскемен -Белое», «Өскемен -Астана», «Өскемен -Украинка», «Өскемен -Ақжар», «Өскемен -Жаңғыз-Төбе», «Өскемен -Қарағанды», «Өскемен -Қаракөл», «Өскемен -Алакөл».

«Автобус паркі» ЖШС — «Өскемен -Мақаншы-Барлық Арасан», «Өскемен -Үржар», «Өскемен -Аягөз», «Семей-Аягөз», «Семей-Мақаншы-Барлық Арасан», «Семей-Алматы», «Семей-Бақты», «Семей-Талдықорған», «Мақаншы-Алматы», «Мақаншы-Аягөз», «Аягөз-Алматы», «Барлық Арасан-Алматы».

«Марат М» ЖШС — «Өскемен -Тройницкое», «Өскемен -Малоубинка», «Өскемен -Новая Канайка», «Өскемен -Отрадное», «Өскемен –Самарское», «Өскемен -Жезкент».

«СТ Автосервис» ЖШС — «Өскемен -Риддер», «Риддер-Өскемен», «Өскемен -Зырян», «Өскемен -Белоусовка», «Өскемен -Қ.Қайсенова», «Өскемен -Алтайский», «Өскемен -Предгорное», «Өскемен -Предгорное», «Өскемен -Күршім», «Өскемен –Үлкен Нарын».

 «Керуен-Шығыс» ЖШС — «Өскемен -Зайсан».

 «Жарылгапов Е.Т.» ЖК — «Семей-Мақаншы», «Семей-Үржар», «Семей-Көкшетау», «Семей-Қарауыл», «Семей-Қарағанды», «Семей-Мариновка», «Семей-Астана», «Семей-Алакөл».

«Келгенбаев» ЖК «Зайсан-Алматы».

Республикалық арнайы мониторингтік топ ШҚО-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша іс-сапарын аяқтады

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың сыртқы талдау мен бағалауы бойынша Республикалық арнайы мониторингтік топ Айгүл Соловьеваның төрағалығымен 3 күн бойы ШҚО-да қызмет атқарды.

Жұмыс сапарының шеңберінде АМТ мүшелері  тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысандарына келіп, мүмкіндік тудыратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау  мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бағалау үшін Өскемен, Семей қалаларымен Бесқарағай, Ұлан және Абай аудандарында болды.

Семей қаласында  АМТ мүшелері қалалық ХҚКО, жедел медициналық көмек ауруханасында, сондай-ақ мекеменің жұмыс тарапына  80-жылдардағы оқулықтарды пайдалғаны үшін ата-аналардың шағымдары бойынша есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында болды. Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасының жұмысы оң бағаланды. Ол жерде тегін дәрі-дәрмек бойынша мәселелер орын алмаған, сондай-ақ аурухана арнайы мониторингтік топтың пікірі бойынша толығымен әлемдік стандарттарға сай мекеме екені айтылды.

Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған интернатта оқулықтарды пайдалану бойынша облыстық білім басқармасымен түсініктемелер берді. Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері бойынша 2000-2016 жылдары шығарылған оқулықтармен арнайы білім беру  бағдарламалары арқылы  жүзеге асырылады. Сонымен қатар, педагогтармен есту қабілеті бұзылған балаларға арналған  1987 жылы шыққан оқулықтар мазмұны тек орыс тіліндегі жаттығулар мен артикуляциялық аппаратты,  оқуды дамыту үшін қолданылатыны айтылды.

Өскеменде Республикалық арнайы мониторингтік топ облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхана мен қалалық көші-қан полициясында болды.

Облыстық кітапхана өзі жайлы жақсы пікір қалтырды. Әсіресе АМТ мүшелеріне IT-киіз үйі ұнады, онда егде жастағы оқырмандар компьютерлік сауаттылыққа оқытылуда. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көбін алуға болатын Электрондық үкіметті үйрету бойынша сабақтар күнделікті өткізілуде.  Сондай-ақ, егде жастағы адамдарға электрондық әмиян мен  коммуналдық төлемдерді интернет арқылы төлеуді үйретуде.

АМТ төрағасы Айгүл Соловьеваның айтуынша, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада мәдени-рухани мекеме бере алатын барлық қызметтер ұсынылады.

  • Мен бұл жерде ашық, адал жұмыс істейтін тамаша ұжымды көрдім. Оған индекатор болып бизнестің сенімі — кітапхана дамуына қаражат салуы болып табылады. Біз кітапханада қандай технологиялар барын көрдік.  Бұл жерде өздеріне қызықты заттармен айналысатын көптеген адамдардарды көрдік. Ол өте жақсы көрсеткіш.

Қалалық көші-қон полициясы бөліміне барған кезде Республикалық арнайы монторингтік топ  келушілерменде сөйлесе алды. Олар көші-қон полициясының қызметіне оң баға берді. Мысалы, Өзбекстанның азаматты 15 минут ішінде тіркеу бойынша құжат ала алады.

Тексеру қорытындысы бойынша өзінің  шешімін Айгүл Соловьева  айтты:

Біз берген бұрынғы хаттамалар бойынша көші-қон қызметті мен ХҚКО бойынша кемшіліктер жоқ. Барлық жерде біз берген ұсынымдар назарға алынып орындалған. Абай ауданына дейінгі жолдың жаман жағдайына назар аудардық. Қаражат бөлінді, осыдан кейін азаматтардың міндетті жол жөнделу процессін қадағалау болып табылады. Біз көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алған азаматтармен тілдестік. Олар көрсетілген қызметтерге толық риза. Алайда аудандық, қалалық, облыстық мониторингтік топтар  азаматтардың шағымдары бойынша сауалнама жүргізеді. Облыс тұрғындары өздеріне жеткіліксіз жағдайлар бойынша пікір қалыптастыру қажет.

Облыстық мәслихат депутаты, облыстық арнайы мониторингтік топтың төрағасы Олег Чернышов азаматтарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға көмектесуге шақырды:

Бүгін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға үлкен мүмкіншіліктер ашылуда. Электрондық технологиялар бізге сондай мүмкіндіктер беруде.  Егер сізден пара талап еткен жағдайда немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасыз болған жағдайда оны бейнеге түсіріп бізге Арнайы мониторингтік топқа немесе ҚР Мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне  жолдауыңыз болады. Сіздер хабарлаған мәселелер тез арада қарастырылатын болады – деді Олег Чернышов

Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жастар труппасы  АМТ мүшелеріне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы қойылымнан үзінді көрсетті.

Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (ұйымдастырушының атауы)

2018  жылғы 13 маусымда  2018  жылы шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді  субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа 2014 жылы 30 қазандағы  № 113 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Тасымалдаушылар Қағидаларының 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады.
Тендр ұйымдастырушының мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан 59/1 көшесі,   5 қабат, №  507 кабинет.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2018 жылғы 11 маусым  сағат  18-30   дейін.
Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу 2018  жылғы 13 маусымда    сағат  15-00  Өскемен қаласы, Қазақстан 59/1 көшесі,   №  505 кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі.
Тендерлік құжаттамалар пакеті «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ  www.transportvko.gov.kz  сайтында орналастырылған

Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквезиттері:
ИИК: KZ 090705022681501001

«ҚР ҚМ Қазынашылықө комитеті» РММ

БИК: KKMFKZ2A

Қосымша ақпараттар: —
Анықтама үшін телефондар: 8 (7232) 701-695, 701-698

Приложения 2,3,4,5

Яндекс.Метрика