Жаңалықтар

Автомобиль жолдары саласында

 2016 жылы жол жөндеу жұмыстарының қорытындысы туралы

Аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесі 76,5% құрады. Көбінде, осы көрсеткіш облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізу есебінен қол жеткізілген.

Жол-жөндеу жұмыстары ең әуелі 3,5 млрд. теңге сомаға жалпы ұзындығы 221 шақырым, аудандық маңызы бар 1 жол телімі және облыстық маңызы бар 15жол телімі қамтылған орташа жөндеуге акценттелген.

Басымдылығықауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету ғана емес, және өңірдің әлеуми-экономикалық дамуына, сондай-ақ туристік кластердің дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Осы мақсатта орташа жөндеумен Сібе көлдеріне, Алакөл көліне, Өскеменнен «Нұртау» шаңғы базасына дейін, сонымен қатар Күршім-Қалжыр, Өскемен-Тарғын-Самар, Бородулиха-Шемонаиха автожолдары және Серебрянск қ. кіреберіс бағыттары бойынша жолдары жөнделген.

Сонымен бірге, «Үлкен-Нарын» автомобиль жолының 0-23 шақырым теліміндегі күрделі жөндеу нысаны пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта 2017 жылға арналған облыстық маңызы бар жолдар бойынша жол-жөндеу жұмыстарының жоспары жасалған.Республикалық бюджеттен 231 млн. теңге көлемінде қаражат бөлумен Күршім ауданындағы Ақжайлау жәнеҰрынхай ауылдары арасындағы ұзындығы 3,8 шақырым «Теректі — Ұрынхай — Тосқайын» теліміндегі автожолды қайта жаңарту жоспарлануда.

Орташа жөндеумен 126 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда, оның 116 шақырымы – облыстық маңызы бар жолдар. Жөндеу келесі бағыттарда жүргізілетін болады: Өскемен– Таулы Үлбі – Северное (21,4шақырым Алтай Альпісідемалыс орынына дейін), Бородулиха – Шемонаиха (17 шақырым), Мақаншы – Жалаңашкөл (51 шақырым), Семей – Қараул (17 шақырым), Үлкен Нарын – Күршім (паром өткелінен Күршім ауылы бағыты бойынша, 10 шақырым), сондай-ақ аудандық маңызы бар жолдар «Науалы-Көкөзек-Көлденең-Қаратума» (5 шақырым) Үржар ауданыжәне «Омбы-Майқапшағай-Жамбыл-Дайыр-Көкжыра» (4,6 шақырым) Зайсан ауданы.

Тұтас алғанда, облыста Республикадағы ең ұзын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі бар, ол 12 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар –3 414 шақырым, облыстық маңызы бар – 3 186 шақырым, аудандық маңызы бар –5 285,9 шақырым.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау бойынша жұмыстарды«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚ ОФ, облыстық маңызы бар– «ОблШығысЖол» КМК, аудандық маңызы бар – қалалық және аудандық әкімдіктер жүргізеді.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар шеңберінде жыл сайын 1000 жуық жол белгілері жаңартылады, 1200 шақырымнан кем емес жол таңбасы түсіріледі, сондай-ақшұңқырларды жөндеумен 230 мың кв.м астам жабынды қамтылған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 50 мың кв.м көп. Сонымен қатаржолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ маңайындағы аумақтарды абаттандыру бойынша басқада жұмыс түрлері жүргізілуде. Ерекше бақылауда қысқы жол күтімі тұрады.

«ОблШығысЖол» КМК теңгерімінде 91 бірлікқар тазалағыш техникаларытұр.

Сонымен бірге, «ОблШығысЖол» КМК Бұқтырма су қоймасы арқылы паром өткелін қамтамасыз ететін, «Қалқымалы өткел» ЖШС еншілес ұйымы бар.

2013-2014 ж.ж. аралығында «Ертіс» және «Күршім» («Енисей» өткен жылы) паромдарына күрделі жөндеу жүргізілген.

Навигация сәуір айынан желтоқсан айы аралығында жүзеге асырылады. Навигация тоқтаған кезеңде «ОблШығысЖол» КМК мұз өткелін тазалауды ұйымдастырады, осылайша автомобильдердің өтуін қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінен бастап «Защита – Зырян» бағытындағы №641/642 поезының қозғалысы жазғы кестеге өзгереді. «Защита- Зырян» теміржол бағыты аптасына 3 рет жүретін болады. Әр аптаның сәрсенбі, сенбі және жексенбі жәнеде мереке күндері. Защитадан қатынап, Зырянға келіп және қатынап Защитаға келетін болады.

2017 жылы 22 сәуірде ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Өскемен қаласындағы өткен санитарлық тазалауға қатысты.

фото на сайт

Яндекс.Метрика