ШҚО АКИМАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ

Лауазымы: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы

Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы 1982 жылы 19 сәуір күні Өскемен қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі –жоғары.  2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін кеден ісі мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2011 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін заңгер бакалавры мамандығы бойынша аяқтаған. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеген. 2003 жылдың желтоқсан айынан 2005 жылдың маусым айына дейін Катонқарағай ауданы Балғын ауылында «Мақсат» шаруа қожалығында жұмысшы болып еңбек еткен. 2005 жылдың 05 шілдесінен 2006 жылдың 20 қаңтарына дейін «Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сінде жетекші маман, 20 қаңтардан 08 қараша аралығында «Катонқарағай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сінде жетекші маман, сол жылдың қараша айынан 2011 жылдың 07 қыркүйегіне дейін Катонқарағай ауданы әкімі аппараты кеңсесінің бас маманы лауазымынде еңбек еткен. 2011 жылдың  08 қыркүйегінен 2012 жылдың 28 қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, 2012 жылдың 01 қазанынан 2013 жылдың 29 шілдесіне дейін  Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы құқық және ұйымдастыру-кадр бөлімінің бастығы, 2013 жылдың 29 шілдесінен 2014 жылдың 21 тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы құқық, ұйымдастыру-кадр жұмысы және ішкі бақылау  бөлімінің басшысы лауазымында болған. 2014 жылдың 22 тамызынан 06 қазан аралығында Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған. 2014 жылдың 07 қазанынан 2018 жылдың 01 тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымында еңбек еткен. 2018 жылдың 02 тамызынан бастап конкурстық комиссияның шешімі негізінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына тағайындалды. Үйленген. Үш бала тәрбиелеуде.

Лауазымдық міндеттері

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

  Қабылдау телефоны: 71-31-78
  Е-mail: r.arystanbek@akimvko.gov.kz

Комментарии запрещены.

Яндекс.Метрика