Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен

тұрақты республикаішілік бағыттарда тасмалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу

туралы хабарландыру

 

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2017 жылғы                     10 қарашада жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты республикаішілік бағыттарда тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа бағыттардың келесідей пакеттері қойылады:

№ 1 пакет «Семей – Астана, 15:00»
№ 2 пакет «Семей –Кайнар»
№ 3 пакет «Семей – Старая Крепость»
Қайтадан
№ 4 пакет «Өскемен –Павлодар Таврия кенті арқылы 9:00 сағат»
№ 5 пакет «Өскемен –Павлодар Таврия кенті арқылы 21:00 сағат»
№ 6 пакет «Өскемен – Феклистовка»
№ 7 пакет «Өскемен -Уланское»
№ 8 пакет «Семей-Аксуат»
№ 9 пакет «Семей-Кривинка»
№ 10 пакет «Семей – Курчум»

 

Конкурсқа меншік түріне қарамай, жекеменшік немесе өзге заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың толық жинағын алу үшін жазбаша өтінімді мына мекен жай бойынша тапсырады: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1,  507 кеңсе.

Конкурстық құжаттарды алу және конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 2017 жылдың  26 қазаны, сағат 18:30-ге дейін.

Конкурстық коммиссия 2017 жылдың  17 қазанында  сағат 10:00-де конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурсалды конференция өткізеді.

Анықтама алу үшін 8 7232 701-695 телефонына хабарласуға болады.

Добавить комментарий

Яндекс.Метрика