ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының

2013 жылдың 8 тамызына мемлекеттік қызметкерлердің бос лауазымдық орындары туралы мәліметтер

р/н

Бос лауазымдық орынның толық атауы

Санаты

Қай уақыттан бастап бос орын (күні, айы, жылы)

Ескерту

1 Бухгалтерлік есеп, жоспарлау және мемлекеттік-сатып алулар  бөлімінің бас маман-бухгалтері

D-O-4

10.01.2014 ж. бастап конкурс жарияланды

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ» ММ

(ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 5 қабат, 512 кабинет,  анықтама телефондары

8 (7232) 701-697, transportvko@mail.ru

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға  конкурс жариялайды:

1. Бухгалтерлік есеп, жоспарлау және мемлекеттік-сатып алулар  бөлімінің бас маман-бухгалтері (Д-О-4 санаты, 1 бірлік), еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы  64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Түсетін қаражаттың,  тауарлық-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың есебін (мемлекеттік сатып алу үрдісі кезінде түсімдерді қоса алғанда) және олардың шығындалуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар олардың қозғалысымен байланысты бухгалтерлік есеп операцияларында уақытылы көрсетеді. Сметалық шығындардың орындалуын бақылайды, мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға арналған жарналарды, күрделі қаржы салымдарын қаржыландыруға қаражатты, жинақтау зейнетақы қорларына қаржы аударымдарын  есептеу және аудару бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жалақы қорын жұмсаудың дұрыстығына, лауазымдық жалақыларды белгілеуге, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің қатаң сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Есеп беруші тұлғалармен есептерді жүргізу (іссапар, шаруашылық есептер). Шарттарды бекіту және қаржыландыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Бекітілген шарттар бойынша міндеттемелер мен төлем шоттарын тіркеуге өтінімдерді қалыптастырады. Тауарлық-материалдық құндылықтарды тізімге алуды жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (бухгалтерлік есеп, қаржылық-экономикалық) немесе ортадан кейінгі (бухгалтерлік есеп, қаржылық-экономикалық), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес еңбек өтілі немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес еңбек өтілі бар болған жағдайда орта кәсіби білімге (экономикалық, қаржылық) рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі қажет.

Аталған лауазым  санаты бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы ережесінің негізінде жүргізіледі.

Осы конкурс бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар (уәкілетті органмен белгіленген түрдегі өтініш; уәкілетті органмен белгіленген түрдегі 3х4 үлгідегі фотосуретпен толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылғанкөшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат)
бұқаралық ақпарат құралдарының арнайы басылымдарында («Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде) конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыскүн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы қажет: 070004, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 5 қабат, 512 бөлме. Анықтама телефондары: 701-697.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды                    қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау                     мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар аталған құжаттарды transportvko@mail.ru электрондық почта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей ұсынады.

 

Добавить комментарий

Яндекс.Метрика