Жаңалықтар
|
15.05.2012 ж. Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2012 жылғы 13 маусымдағы жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау бағыттарында қызмет көрсету құқығына конкурс өткізеді. 11.05.2012 ж. «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды 08.05.2012 ж. «Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына Жеңістің 67-жыл толуына орай, мерекелеудің шеңберінде басқарма басшысының жетекшілігімен 2012 жылдың 8 мамыры күні Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, мүгедектерін, тыл еңбеккерлерін құттықтауға тұрғылықты тұратын үйлеріне барып құттықтау ұйымдастырылды. 18.04.2012 ж. 2012 жылдың 28 сәуірінен бастап «Защита – Зырян» бағытындағы №641/642 жолаушылар поезының кестесі өзгереді. Защита стансиясынан сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері сағат 7-05-те және кері бағытта Зубовка стациясынан сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері, сағат 14-45-те жөнелтіледі. 13.04.2012 ж. 2012 жылдың 13 сәуірінен бастап әлеуметтік маңызды «Өскемен - Күршім» әуерейсі қайта жандандырылды, билет құны- 3 000 теңге, сейсенбі және жұма күндері атқарылады. Өскемен қаласы әуежайынан сағат 9.00 де ұшады, Күршім ауылынан сағат 11.00 де ұшады. Билеттер қаланың барлық кассаларында. Анықтама телефондары - 8(7232)- 778-101, 778-484, 778-137, 701-698 20.02.2012 ж. «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды 14.12.2011 ж. «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ шығындары субсидиялануға жататын әлеуметті маңызды ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурс өткізетіндігін жариялайды. 10.12.2011 г. Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2012 жылғы 9 қаңтарда тұрақты республикаішілік автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалы бағыттарында қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. 18.11.2011 жыл. «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ» ММ (ШҚО, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, анықтама телефондары 8 (7232) 701-697)бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы (Д-О-4 санаты, 1 бірлік), еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін. Толық ақпарат… 14.10.2011 Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2011 жылғы 14 қарашада тұрақты облысішілік қалааралық маршруттарда қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. 05.08.2011 ж. Көлік және байланыс қызметкерлері мерекесі күні қарсаңында 2011 жылғы 4 тамызда «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы С.Т. Төленбергенов «Шығыс Жолсерік» КМК жолсерік-кассирлеріне Шығыс Қазақстан облысының темір жол көлігінде облысішілік жолаушылар тасымалын дамытуға қосқан белсенді және қажырлы еңбегі үшін Кенжегүл Уантайқызы Ахатоваға, Айжан Еренғайыпқызы Аугажиноваға, Екатерина Владимировна Будалаева, Ольга Степановна Васильева, Фаина Ивановна Дьяченкоға алғыс хаттар тапсырылды. Сонымен қатар көпжылғы жемісті еңбегі және облыстың азаматтық авиациясын дамытуға қосқан маңызды үлесі үшін «Өскемен әуежайы» акционерлік қоғамының президенті Николай Иванович Короленко, темір жол көлігін дамытуға қосқан үлесі үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шығыс Жолсерік» КМК директоры Қайрат Советханұлы Бабаханов, «Шығыс Жолсерік» КМК жолсерік-кассирі - Күлжанат Уантайқызы Урузбаева марапатталды. 18.07.2011 ж. 2011 жылғы 18 шілдеден бастап “Өскемен - Семей - Үржар” әуебағыты бойынша тарифтердің өзгеретінін хабарлаймыз. Өскемен - Семей - 3000 теңге, Семей - Үржар - 7000 теңге, Өскемен - Үржар - 8000 теңге 12.01.2011 ж. Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында облыс қалалары мен аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері өкілдерінің қатысуымен тұрақты ауданішілік және қалалық бағыттарды ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар – кеңес өткізілді. 22.12.2010 ж. Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2010 жылы келісім-шарт мерзімдері аяқталған тұрақты облысішілік қалааралық және қала маңы бағыттарында қызмет көрсету құқығына кезекті конкурс өткізілді. 21.12.2010 ж. Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау, кеден және шекара қызметтері, облыстық жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары өкілдерінің және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың қатысуымен автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңесте облыстың теміржол өткелдеріндегі автомобиль көліктерінің қозғалыс қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 2010-2011 жылғы қысқы мерзімде қозғалысты шектеу бойынша құрылымдар әрекеттестігінің мәселелері талқыланды. 23.07.2010 ж. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС! «Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды. 21.06.2010ж. 2010 жылғы 21 маусым күні облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында тұрақты облысішілік автобус бағыттарында қызмет көрсету құқығына кезекті конкурс өткізілді. 01.06.2010ж.2010 жылғы 1 маумыс күні ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұжымы, сыйлықтар және ойыншықтар тапсырумен мектепалды балалар уйінің (Қ. Сәтпаев даң. 22а) тәрбиеленүшілерін Балаларды қорғау күнімен құттықтады 21.05.2010ж. 2010 жылғы 22 мамырдан бастап “Защита - Бұқтырма - Зырян” бағытындағы қаламаңы поезі жаңа қозғалыс кестесі бойынша жұмыс атқарады 18.05.2010ж. ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының орынбасары Рустам Сағатбекұлы Закарьяновтың төрағалығымен, әлеуетті конкурсқа қатысушылардың қатысуымен конкурсалды конференция өтті, осы конференцияда 2010 жылғы 21 маусымда тұрақты обысішілік бағыттарда қызмет көрсету құқығына конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібімен танысты. 14.05.2010ж. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС! “Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” мемлекеттік мекемесі 2010 жылдың 21 маусымында облыстың облысішілік бағыттарында жолаушы көлігімен қызмет көрсету құқығына ашық конкурс өткізеді. 07.05.2010ж. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының командасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мини-футболдан облыстық турнирге қатысты. 07.05.2010г. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы соғыс ардагерлерін құттықтады. Естелік сыйлықтар, құттықтау қағаздары мен гүлдер төмендегі ҰОС ардагерлері, көлік қызметкерлеріне тапсырылды - В.А. Богушевичке (соңғы жұмыс орны - Автоуправление, МТС бастығы), И.М. Дмитриевке (№2 автобус паркі, слесарь), А.А. Сосновскаяға (№2 автобус паркі, жуушы), П.И. Волобуевқа (темір жолының Защита бөлімшесі, станса бойынша кезекші), Е.Т. Захароваға (”Өскемен қаласының әуежайы” АҚ, диспетчер). 05.05.2010ж. Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап Күршім ауданындағы “Қызыл Ту” (Казнаковка) паром өткелі өз жұмысын бастады. 05.05.2010ж. 2010 жылғы 8 мамырдан бастап “Өскемен - 22-шақырым” маусымдық тұрақты автобус бағытының жұмысы қайта жандандырылады 28.04.2010г. 2010 жылғы 30 сәуірден бастап “Защита - Серебрянка - Зырян” маусымдық саяжай бағыты бойынша поездердің қозғалысы жандандырылды, Серебрянка стансасына дейінгі жол жүру құны - 180 теңге. Защита стансасынан шығу уақыты сағат 6.40, Серебрянка стансасынан - сағат 20.15. Анықтама телефондары: 105, 50-15-57, 57-79-51. 20.04.2010 ж. 2010 жылғы 23 сәуірден бастап облысішілік маусымдық «Өскемен - Күршім - Өскемен» әуебағыты жандандырылады. Ұшу күндері - аптасына бес күн (дүйсенбі - жұма) уақыты - 1 сағат 20 минут, құны - 3 000 теңгені құрайды. Өскемен әуежайынан ұшу:- 2010 жылғы 23 сәуірде сағат 13.00-де, 26 сәуірден бастап күнделікті сағат 9.00-де. Күршім әуежайынан ұшу - 2010 жылғы 23 сәуірде сағат 15.00-де, 26 сәуірден бастап күнделікті сағат 11.00-де. Анықтама телефондары: 77-81-37, 77-84-84, 57-79-51. 12.04.2010ж. 2008 жылғы 6 қарашадағы «Нұр-Отан» ХДП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында белгіленген мемлекеттік қызметшілер басшылыққа алатын 8 этикалық нормаға сәйкес, “Өзіңнен баста” акциясының шегінде, ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығы А.І. Бекбосынов облыстық “Дидар” газетінде өзінің табыстары туралы ақпаратты жариялады. 09.04.2010ж. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХХ сессиясы өтті, осы сессияда ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы А.І. Бекбосынов сөз сөйледі. Баяндаманы қарау 04.12.2009ж. Басқарма бастығының орынбасары Н.С. Жұмәділов “Өскемен-Қазақстан” телеарнасында “Жол картасы” жобаларын жүзеге асыру бойынша орындалған жұмыстар туралы сұхбат берді. 02.12.2009ж. Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың төрағалығымен селекторлық кеңес болып өтті. “Облыстағы автомобиль жолдарының жағдайы және 2009 жылғы құрылыс маусымының қорытындылары. 2010 жылға арналған даму жоспары.” баяндамасымен ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы А.И. Бекбосынов сөз сөйледі. 12.11.2009ж. «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ мекен-жайына Өскемен қаласының тұрғыны Файзира Мерзаянқызынан өтініш келіп түсті. Өз өтінішінде Файзира Мерзаянқызы жоғалған сөмкесін қайтарып берген № 33 бағыт кондукторы мен жүргізушісіне шексіз алғысын білдірген, егер табылмаса бар қаражаты, құжаттарының түпнұсқалары, кілттері және т.б. заттарын қайта жасатуға тура келер еді. 04.11.2009ж. ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы А.И. Бекбосынов облыстың қысқы кезеңге дайындығы мәселелері бойынша облыстық штаб кеңесіне қатысу үшін Аягөз қаласында, одан әрі Курчатов қаласында болып қайтты. 29.10.2009ж. ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы А.И. Бекбосынов Риддер, Шемонаиха, Семей, Курчатов, Абай, Аягөз аудандарына жолдарды тексеру және қарау үшін келіп кетті.
30.10.2009ж. «Өскемен - Зайсан - Өскемен» бағыты бойынша тұрақты облысішілік әуерейсі қалпына келтіріледі. Ұшу сиымдылығы 48 адам болатын АН-24 әуе кемесінде дүйсенбі, жұма күндері орындалады. Ұшу Өскемен қаласының әуежайынан дүйсенбі күндері сағат 8-00, Зайсан қаласының әуежайынан сағат 9-40, жұма күндері Өскемен қаласының әуежайынан сағат 14-10, Зайсан қаласының әуежайынан - сағат 15-00.
17.10.2009ж. «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ сенбілік өткізді. Келесі көшелер жиналды: Әуезов даңғылынан бастап Крылова көшесі (тақ жағы) бойымен Победы даңғылына дейін (өзен бекеті). Мекемеге қарасты кәсіпорындар, оның ішінде сенбілікке көлік пен құралдарды қамтамасыз еткен «ОблШығысЖол» КМК белсенділік танытты. Сенбілікке барлығы 25 адам қатысты. Көшелер қоқсық пен жапырақтардан тазаланып, ары қарай шығарылды.
14.10.2009ж. Қаланы көркейтіп қана қоймай сонымен қатар Ұлы Жібек Жолы қиылысында орналасқан облыстық көлік тасымалының дамуында ерекше маңыздылыққа ие болатын Аягөз қаласында жаңа автостанцияның ашылуы болды.
01.10.2009ж. Қазақстан Республикасында Мүгедектер күні мен Халықаралық қарттар күнін мерекелеу қарсаңында Өскемен, Зырян, Аягөз, Зайсан, Серебрянск, Шемонаиха қалаларындағы бағыттарда тегін жол жүру құқығы берілетінін хабарлайды.
Сайт картасы |
|
![]() ![]() ![]() ![]() |
|





